Қарағандыда 16 қабатты үйдегі өрттен отставкадағы полковник пен оның отбасы көз жұмды

Қарағандыда 16 қабатты үйдегі өрттен отставкадағы полковник пен оның отбасы көз жұмды

Фото: ТЖМ

Қарағандыдағы көпқабатты үйде өрт шыққан пәтердің қожайыны зейнетке шыққан полиция полковнигі және оның отбасы мүшелері екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Кеше Қарағандыдағы от шарпыған пәтердің иесі — зейнеттегі полиция полковнигі. Қаза тапқан тағы екі адам — оның жұбайы мен ағасы болған.

70 жастағы полковник Ринат Шоқаев бұған дейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының саптық бөлім бойынша бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ол академия курсының бастығы болған. Марқұмның достары мен таныстарының айтуынша, Ринат Кенжебайұлы осы университеттің дамуына зор үлес қосқан.

Көптеген офицерлерді тәрбиелеген. Ол 70 жаста еді. Пәтерде сонымен қатар олардың 43 жастағы ұлы болған. Оның 8-қабаттың терезесінен қалай құлап кеткені әлі белгісіз. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Науқастың жағдайы орташа ауыр. Есін біледі. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқас кеуде қуысынан жабық жарақат алған, жіліншік сүйектері сынған», — деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика