Домой Қазақша Қарағанды театрындағы арт-кафе – идеясымен әркім бөлісе алады

Қарағанды театрындағы арт-кафе – идеясымен әркім бөлісе алады

106
0

Қарағанды театрындағы арт-кафе – идеясымен әркім бөлісе алады

536 rob

Қ. С. Станиславский атындағы Қарағанды театрының бұрынғы асханасында жақын арада арт-кафе ашылады. Театрдың барлық әуесқойлары шығармашылық алаң құруға қатыса алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Арт-кафе киім ілу бөлмесінің жанында, төменгі қабатта орналасады. Театр директоры Дунай Еспаевтың айтуынша, алаң актерлер мен көрермендер үшін тартымды орынға айналады. Бірақ оның қандай болатыны театралдардың ұсыныстары мен тілектеріне байланысты.

«Сіздер біздің театрда арт-кафе болады деп естіген шығарсыздар. Осы шығармашылық алаңды құруға қатысуды ұсынамыз. Өз идеяларыңызды жазыңыздар және ұсыныстарыңызбен бөлісіңіздер. Кафеге экран керек пе? Қандай шайды театрландырылған шай деп атауға болады? Қабырғаларды қандай түспен бояу керек? Осының барлығын ортаға салсаңыздар болады», – деп жазды театр басшысы Instagram-дағы @stanislavsky_inside ресми парақша арқылы барлық көрермендерге жүгіне отырып.

Арт-кафеде бутафор шеберханасының суретшілері жасаған витраждар бар. Жаңа жиһаз пайда болады. Жөндеу және дайындық жұмыстарын театрдың әлеуметтік желісінде қадағалауға болады.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму