Қарағанды облысының тауар өндірушілерінде экспорттық сертификатқа деген сұраныс артты

Қарағанды облысының тауар өндірушілерінде экспорттық сертификатқа деген сұраныс артты

176 Арман

Қарағанды облысында 2022 жылы қазақстандық тауардың шығу тегі туралы 15 мыңнан астам сертификат берілді. Кәсіпкерлер Палатасы ресімдейтін бұл құжат отандық тауар өндірушілерге белгілі бір артықшылықтар береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2021 жылмен салыстырғанда өтінімдер саны артты.

«Сыртқы факторларға қарамастан, қарағандылық өндірушілер қызметтің жаңа бағыттарын игеруді жалғастыруда, тауарлардың жаңа желілерін шығаруда. Өңірдің кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтты» Деп атап өтті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында

Сертификаттардың формалары әртүрлі. Мысалы, экспорттық нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар (СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, А, түпнұсқа) межелі елдегі тарифтік преференцияларды (кедендік баждарды азайту немесе босату), тарифтік емес реттеуді (тыйым салу, тауарды әкелуге/әкетуге шектеулер) алу үшін ресімделеді. СТ-KZ нысанының сертификаты тауарларды еркін қоймалардан және еркін экономикалық аймақтардан әкету кезінде тауарларды сатып алуға қатысу үшін ішкі айналымға арналған.

Индустриялық сертификат 2019 жылы енгізілді. Бұл отандық өндірушінің мәртебесін көрсетеді.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар беру процесі толығымен автоматтандырылған. Сертификат алуға электрондық өтінімді мына сайтта беруге болады.

ӨКП ақпараты бойынша, облыста жергілікті қамту үлесі де артып келеді. Бүгінде өңірдегі 637 шағын және орта бизнес кәсіпорындары ірі компаниялардың өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктері үшін жұмыс істейді. 2022 жылы 100-ге жуық кәсіпорын өнеркәсіптік алыптармен 44,3 млрд теңгеге шарт жасасты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика