Қарағанды облысының оқушылары роботтарды жобалауда Гран-при жеңіп алды

Қарағанды облысының оқушылары роботтарды жобалауда Гран-при жеңіп алды

344 rob

Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары арасында роботтар фестивалі өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол Сүлейман Демирель атындағы университеттің базасында өтті. 44 команда қатысты – еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық оқушы бақ сынасты. Қарағанды облысын бес команда таныстырды. Олардың барлығы үздіктердің қатарында болды.

«Роботтарды жобалау» санатындағы Гран-при иегері Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ командасы болды. Жеңімпаздар Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық робот жасаушылар байқауына жолдама алды.

Аталмыш мектептің тағы бір командасы Инновациялық жобалар санатында бірінші орынды иеленді.  Апараттық технологиялар ММЛИ оқушылары бірінші және үшінші орын алды, ал «Мұрагер» ММЛИ екінші орын иеленді.

Роботтар фестивалін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жарыс FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика