Қарағанды облысының балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы

Қарағанды облысының балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы

269 rob

Қарағанды облысының Балқаш қаласында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Шалабекова Ақтоғай ауданының балық шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында өңірдегі балық шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Вице-министр кездесуде қатысушыларды балық шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары мен перспективалары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұжымымен кеңес өткізілді. Инспекция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылда ашықтық қағидаттарын сақтауға, жұртшылықтың ұсыныстарын ескеруге және саланы дамыту бойынша мемлекет тарапынан қабылдаған шаралар туралы тұрақты негізде хабардар ету ұсынылды.

Сондай-ақ, Министрлік өкілдері Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш филиалының қызметімен танысты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика