381 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысында Zhas Project жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Биыл 14 адам өз ісін ашуға миллион теңгеге дейін грант алды.
Байқауға 50-ге жуық өтінім келіп түсті, оның 23-і техникалық іріктеуден өтті.
Жеңімпаз жобалар әр түрлі: шиналарды жөндеу, ерекше балаларға арналған тауарлар, мүгедек балаларды дамыту кабинеттері, сүт өнімдерін өндіру, өзіне-өзі қызмет көрсету техстанциясы, фотостудия және т. б.
Қарағандылық Ботакөз Жақыпбекова ерекше балаларға арналған тауарларды тігумен айналысуға шешім қабылдаған.
– Менің жобамның атауы «Ерекше балаларды оқытуға арналған арнайы заттарды тігу». Яғни, «ЗПРР, ЗРР, СДВГ, аутизм, АСД» диагнозы бар балалар. Олар өз денелерін нашар сезінеді, сенсорлық рецепторлар мен моторикасы жеткіліксіз дамыған. Менің өнімдерім – салмақты кеудешелер мен көрпелер, сенсорлық жұмсақ туннель, ойын терапиясында қолданылатын жұмсақ ойыншықтар (жануарлар). Жобамды ойластыруымның себебі – менің баламның сөйлеу қабілеті нашар. Бізге осындай заттар керек болды. Ал Қарағандыда мен оларды таппадым, сондықтан оларды өзім жасап шығаруды шештім. Қазіргі уақытта көптеген орталықтар мен жеке кабинеттер тапсырыс беруге дайын, – деді Ботакөз.
Шағын гранттың тағы бір иегері Мөлдір Азанбай микро ас көк өсіруге арналған сити-ферма ашуды армандайды.
– Менің жобам – «Сити-ферма: AgroALEM микрожасылдарын өсіру». Біздің барлық жобаларымыз әлеуметтік бағдарланған. Мен Zhas Project арқасында ақша таба аламын деп сенемін, – дейді Мөлдір.
Бұқар жырау ауданы Садовое ауылының тұрғыны 20 жастағы Айсәуле Сейсенбайқызы Теміртауда массаж кабинетін ашпақшы.
– Мен Zhas Project туралы интернеттен білдім және өтініш беруді шештім. Менің қызмет салам – массаж. Медициналық білімім бар, сонымен қатар өткен жылы массаж бойынша толық дайындықтан өттім. Грантқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, кеңсені жалға алып, өз бизнесімді бастағым келеді, – дейді Айсәуле.
Естеріңізге сала кетейік, Zhas Project әлеуметтік осал топтардан, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтарды әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы қолдауға бағытталған.
Жобаның басты мақсаты – жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту.
Источник: qazaq.asia