455 rob
Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті кезеңі 13 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Білім басқармасының мәліметінше, мектептің 4 886 түлегі өз білімдерін тексеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тестілеу «U-FUTURE» ЖШС екі өңірлік тестілеу орталығының базасында өткізіледі:
- Қарағанды қ. – Қазақстан к-сі, 15а;
- Балқаш қ. – Ж. Әбуғалиев к-сі, 7.
Пәндер саны өзгеріссіз қалады – үш міндетті және екі бейінді. Барлығы 120 сұрақ. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – төрт сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 40 минут қосымша уақыт қарастырылған.
Тестілеу кезінде калькулятор, тұздардың ерігіштігі және Менделеев кестесі барлық талапкерлер үшін компьютер экрандарында қол жетімді болады. Сондай-ақ, ҰБТ қатысушыларына өздерімен бірге қалам, су және шоколад әкелуге рұқсат етіледі.
Қаңтардағы ҰБТ нәтижелері мектеп түлектеріне ЖОО-ға ақылы негізде түсуге үміткер болуға мүмкіндік береді.
Источник: qazaq.asia