Қарағанды облысында мектеп қазандықтары тексеріледі

Қарағанды облысында мектеп қазандықтары тексеріледі

145 Awrora

Қарағанды облысында мектеп қазандықтарының қауіпсіздігі тексеріледі. Бүгінгі таңда өңірде 302 білім беру мекемесі дербес жылыту жүйелері мен қазандықтардан жылытылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мектеп жанындағы қазандықтардың көпшілігі 90-шы жылдары салынған. Сол кездері мұндай жылыту жүйесі ғимараттардың мұздап қалмауын қамтамасыз етудің және балалардың жылы сыныптарда білім алуына мүмкіндік берудің жалғыз жолы болды.

2009 жылы өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа техникалық регламент қабылданды. Қазандықтар оқу орнынан 50 метр қашықтықта салына бастады.

5 жыл ішінде 73 қазандық жертөлелер мен ғимараттардан шығарылды. Қазіргі уақытта 147 мектепте қазандықтар санитарлық нормалар мен ережелерді бұза отырып орналасқан. Алдағы үш жылда 74 мектепте жағдайды түзету жоспарлануда.

Жаңа оқу орындарын салу кезінде заманауи және қауіпсіз қазандықтар қарастырылған.

«Барлық жаңа және ескі қазандықтарды қауіпсіздік, жарақтандыру деңгейіне және ықтимал тәуекелдердің бар-жоғын тексеру туралы шешім қабылданды. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, ТЖД және энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері кіреді. Біздің міндетіміз – нормативтерге сәйкес келмейтін қазандықтарды анықтау және шаралар қабылдау», – деп жазды білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова Facebook парақшасында.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика