169 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысының ауылдық аудандарында медицина қызметкерлері әлі де жетіспейді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені 2–3 жыл ішінде түбегейлі шешуді тапсырды.
Ауылдық денсаулық сақтауда өзекті мәселелерінің бірі кадрлармен қамтамасыз ету болып қалып отыр. 23 дәрігер мен 40 орта медициналық қызметкер тапшы. Тығырықтан шығу үшін резидентурада мамандар дайындалады, дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етеді және оларға көтерме жәрдемақы бөледі. Атап айтқанда, еңбек жолын енді бастаған ауыл медицина қызметкерлері 1,5-нан 5 млн теңгеге дейін алады.
– Ауруханалардағы ең бастысы – мамандар. Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін түбегейлі шешейік. Мұны 2–3 жыл ішінде жүзеге асыру керек. Бұл кең көлемді көмек пакеті болуы керек – тұрғын үй, көтерме жәрдемақы. Барлық ұсыныстарды тыңдаймын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ауылдарда денсаулық сақтау саласы қалай дамып келеді және медқызметкерлерді тарту үшін не істеліп жатқаны жайлы аппараттық кеңесте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова мәлім етті.
– Ұлттық жоба аясында Қарағанды облысында екі жыл ішінде ауылдық жерлерде 92 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда. Атап айтқанда, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер. Жаңа нысандардың құрылысы сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері бар ауылдық аймақтың 57 мың тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Источник: qazaq.asia