243 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облыстық Мәслихатының IX, кезектен тыс сессиясында 2023–2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Отырыс өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өтті.
Шағын және орта бизнесті қолдауға, әлеуметтік сала нысандарын дамытуға, интернат тәрбиеленушілерін тамақтандыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көбірек қаражат бөлінеді. Депутаттарды нақтыланған бюджет жобасымен қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина таныстырды.
– Бюджеттің күтілетін атқарылу қорытындыларын ескере отырып, нақтыланған облыстық бюджет жобасында шығыс бөлігінің жалпы көлемі шеңберінде қаражат қайта бөлінді. 53,5% экономиканың нақты секторына бағытталған. Жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді, индустриялық аймақтың инфрақұрылымын дамыту бойынша мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады, – деп хабарлады ведомство басшысы.
ШОБ-ты қолдау, АӨК-ні және қалааралық жолаушылар тасымалын субсидиялау, сондай-ақ ветеринария, жер қатынастары және ақпараттандыру саласындағы бірқатар басқа да іс-шаралар жалғасады
Әлеуметтік салаға 34,2 % жіберіледі. Бұл интернат тәрбиеленушілерін тамақтандыру, оқушыларды тасымалдау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қорғау ұйымдарының күрделі шығындары. Әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларында іс-шараларды өткізуге қосымша қаражат бөлінеді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ТЖ алдын алу жөніндегі іс-шараларға 12,3% жіберіледі.
Халық қалаулылары нақтыланған бюджетке бірауыздан дауыс берді.
Ынтымақтастық үшін облыс әкімі депутаттарға алғысын білдірді.
– Бюджеттегі өзгерістер біздің назарымызды арттыруды талап ететін маңызды салаларға бағытталған. Бұл жылыту маусымының өтуі, жолаушылар тасымалын субсидиялау. Дауылдың салдарынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру қажет, оған біз қаражат бөлеміз. Сондай-ақ, экология, шағын бизнес және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қаржыландыруды қарастырамыз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Источник: qazaq.asia