Қарағанды облысында балықшы мен оның баласын құтқарды

Қарағанды облысында балықшы мен оның баласын құтқарды

214 Арман

4 қаңтар күні таңертеңнен Бұхар Жырау ауданының Ащысу су қоймасында Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдарының күшімен екі балықшыны іздеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

1970 жылы туған балықшы ер адам мен оның 2009 жылы туған ұлы 3 қаңтар күні таңертең балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

Олардың көлігі қар құрсауында қалған соң көлікте түнеген, ал таңертең олардың жанармайлары таусылып, соның кесірінен жаяу қайтуға мәжбүр болып, адасып қалған.

4 қаңтар күні сағат 12:30-да жоғалғандар су қоймасынан 3 шақырым жерде табылып, құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

Өңірдегі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты тұрғындар мен балық аулау әуесқойларына туыстары мен жақындарына далаға шығу уақыты мен су қоймасының атауы, сондай-ақ қайтып оралу уақыты туралы хабарлау қажеттігін ескертеміз.

Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың барлық фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика