294 Awrora
Фотосурет: СР
2023 жылғы ақпанда Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының тұтынушылары өз төлем түбіртектерінде тауарлық газдың бағасы 5% — ға дейін төмендегенін көреді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл төмендеуге ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды мен Ұлытау облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметіне өтінімі бойынша жүргізген тарифтік смета шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде қол жеткізілді.
Талдау жүргізудің себебі ТМРК-ның Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на бекіткен бұрын қолданыста болған бұйрығы мерзімінің өтуі және өткен кезеңдегі нақты шығындарды ұсынуы болды.
Осылайша, ТМРК-ның Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2022 жылғы 20 желтоқсанда тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметтеріне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 4 986,91 теңге мөлшерінде тарифті бекітті, бұл бұрын қолданыста болған 6552,02 теңге/1000 теңге тарифінен 24%-ға төмен.
Естеріңізге сала кетейік, тауарлық газдың бөлшек бағасы, яғни газ тұтынушылары үшін түпкілікті баға ҚР Энергетика министрлігімен жыл сайын 1 шілдеден бастап әрбір өңір үшін жеке бекітілетін көтерме (жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алу) бағалардан (76,7 %), сондай-ақ тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтерден (14,87 %) және газды өткізуге байланысты шығындардан (8,4 %) қалыптастырылады.
Нәтижесінде, тауарлық газды газ таратушы желілер арқылы тасымалдау қызметіне тарифтің 24%-ға төмендеуінің арқасында, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМРК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша барлық тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасын 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 1 565,11 теңгеге немесе 5%-ға дейін төмендетті.
Осылайша, Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша тұтынушылар 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 35 149,05 теңгенің орнына 33 583,94 теңгеден (ҚҚС-сыз) төлейтін болады.
Бұған дейін Комитет «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы барлық тұтынушылары үшін газды өткізумен байланысты шығындарды 32%-ға төмендету нәтижесінде тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасы 2022 жылғы 4 қарашадан бастап 3,5%-ға дейін төмендеген болатын.
Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша барлық тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының 2022 жылмен салыстырғанда жалпы төмендеуі 7,2%-ды немесе 1000 м3 үшін 2 846,36 теңгені (ҚҚС-сыз) құрады.
Тарифтер мен бағаларды қалыптастыру процесі ашық және айқын, субъектілердің тарифтері мен бағаларының өзгеру мәселелері ерекше бақылауда екендігін қосымша хабарлаймыз.
Источник: qazaq.asia