Қарағанды командасы футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

Қарағанды командасы футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

358 rob

«Жастар-1» олимпиадалық резерв мектебінің қарағандылық командасы 2009 жылы туған ұлдар арасында футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатын жеңіп алды. Жарыс Қарағанды қаласының «Аманат Арена» спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 16 команда қатысты. 200-ден астам футболшы төрт күн бойы үздік команда атағына таласты.

Нәтижесінде «Жастар» футболдан облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері бірінші орынды иеленді. Спортшыларды Олег Миляев жаттықтырады.

— Жарыстар ең жоғары деңгейде өтті. Барлық командалар жақсы дайындалған. Біз футболшыларымызды мақтан тұтамыз. Балалар халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Футболдан республикалық біріншіліктің жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері атанды, облыс чемпиондары, — дейді футболдан «Жастар» ООРМБЖСМ басшысы Балғабай Нұрланов.

Чемпионатта екінші орынды Павлодардан «Бірлік» командасы, үшінші орынды «Астана»ФК иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Джуниор» балалар футбол лигасының және Қазақстан футбол федерациясының грамоталарымен, медальдарымен, кубоктарымен марапатталды.

Бүгінгі таңда облыстық «Жастар» мектебінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 1150 бала айналысады. Сабақтар тегін. Мектепте 27 жоғары білікті жаттықтырушы жұмыс істейді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында филиалдар бар.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика