187 Арман
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы 8-ші желтоқсанда «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында жас қарағандылықтар мен олардың ата-аналарын «дауыстап оқуларға» шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шара кітапхананың мерейтойына арналған – биыл оған 70 жыл толып отыр. Балалар үшін қарағандылық ақын әрі композитор Ирина Воробьева дауыстап оқиды. Оқып болғаннан кейін балалар кітаптың кейіпкерлері мен әрекетін талқылайды, сонымен қатар кітапты оқуған адамға сұрақтар қоя алады.
Басталуы 13:00.
Әр айдың екінші және төртінші жексенбісінде атақты қарағандылықтар да, кітапхана қызметкерлері де Қазақстанның, алыс-жақын шетелдердің балалар жазушыларының үздік шығармаларын балаларға таныстырады.
Источник: qazaq.asia