179 rob
Қарағанды қаласында 16 қабатты бір кіреберісі бар 127-пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды. Салдарынан өрт шығып, қабатаралық жабын плиталары мен ішкі арақабырға қирады (ауданы анықталуда), деп хабарлайды DKNews.kz.
Барлау барысында үш адамның мәйіті табылды (болжам бойынша екі ер адам мен бір әйел адам).
ТЖД күшімен кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен 11 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 88 қызметкері және 23 бірлік техникасы жұмыс жасауда.
Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахтасы жұмылдырылды.
Сағат 22.37-де өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды, сағат 22.55-те толықтай сөндірілді.
Источник: qazaq.asia