Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы көмек көрсетті

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы көмек көрсетті

189 rob

Привольное ауылынан Семей қаласына қарай 5 км жерде «Лада» маркалы автокөлік жол жиегіне шығып кеткені туралы ақпаратты учаскелік полиция хабарлады.  Салонда 5 адам қамалып отырған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы оқиға орнына келіп, көліктің есігін ашып, көлікті қардан қазып алып, 5 жолаушыны эвакуациялады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақатының бар-жоғын тексергеннен кейін саяхатшылар жергілікті мешітке орналастырылып, оларға жылы көрпелер мен ыстық шай берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШҚО ТЖД құтқарушылары дауылды ескерту туралы алдын ала хабардар етті.  ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Дауылды ескерту кезінде тәуекелге барып, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз. Ауа-райы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика