Антикор Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы сауалға жауап берді.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Сурет: alrt.kz, strategy2050.kz
Антикор Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы сауалға жауап берді. Бұған дейін екеуі де елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыруға қатысты атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сырттай сотталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антикор мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде Сұлтанбековтың АҚШ-та екені анықталған.
«Сонымен қатар, АҚШ заңнамасына сәйкес, Интерполдың қызыл бюллетенінің болуы (экстрадициялау мақсатында адамды іздеу және қамауға алу туралы халықаралық хабарлама – еск.) қатысы бар адамды ұстауға және оны Қазақстанға экстрадициялауға негіз болып табылмайды», — деп хабарлады агенттік.
Тағы бір сотталушы — Талғат Арданның мекенжайы мен экстрадициясына қатысты Антикор былай хабарлады:
«Іздеудегі Арданға қатысты, оның ішінде ҚР Бас прокуратурасы мен Интерпол Ұлттық бюросының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы аясында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр», — делінген жауапта.
Бұл ретте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы мәліметінше, Талғат Ардан бес жылдай іздеуде жүр. Қанат Сұлтанбеков тергеуден төрт жылдан аса уақыт бұрын қашып кеткен.
Еске салайық, биыл мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шыққан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia