257 rob
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі
Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оған Үкімет мүшелері, Параламент депутаттары, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Шараға қатысушылар алдында сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова дәрігерлердің халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, отандық медицинаның дамуы жолындағы еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді. Сондай-ақ вице-премьер салаға қатысты Үкімет қолға алған шаралар туралы айтып өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – халықтың қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет алуы үшін жағдай жасау. Қазірде еліміздің әр аймағында мамандарымыз күрделі оталар, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты операциялар жасап жүр. Бұл медициналық қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу мақсаты тұр. Олардың бір бөлігі қазірде ашылып, жұмыс істеп тұр» Тамара Дүйсенова
Атап өтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммит еліміздің барлық өңірінен келген 1 500-ге жуық адамның басын қосты. Шара медицина саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Саммит аясында дәстүрлі түрде үзік қазақстандық мамандарға «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медицина сыйлығы табысталды. Жеңімпаздар 17 аталым бойынша марапатталды. Олардың қатарында стационар, жедел жәрдем дәрігерлері, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлері, медициналық колледж ұстаздары, провизорлар, фельдшерлер, медбикелер және т.б. мамандар бар.
Источник: qazaq.asia