256 rob
Фотосурет: NUR.KZ
30 қараша күні сағат 05:33-те Алматы қаласы Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен жертөле үй-жайы хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.
Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған.
Алматыдағы жатақханадағы өрт. Оқиға орнынан түскен сурет: NUR.KZ
Алдын ала мәлімет бойынша хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланды.
ТЖ орны. Сурет: NUR.KZ
Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Алматыдағы жатақханадағы өрт. Оқиға орнынан түскен сурет: NUR.KZ
Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.
ТЖ орны. Сурет: NUR.KZ
Ақпарат түсуіне байланысты толықтырылатын болады.
ТЖ орны. Сурет: NUR.KZ
Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз.
Источник: qazaq.asia