Алматыдағы хостелде өрт кезінде қайтыс болғандар жер қойнына тапсырылды Кеше, 14:07

Алматыдағы хостелде өрт кезінде қайтыс болғандар жер қойнына тапсырылды
Кеше, 14:07

30 қарашада Түркістан облысының қаралы қауымы Алматыда хостелде өрт кезінде тұншығып мерт болған алты азаматты жер қойнына тапсырды, — деп хабарлайды

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Видео кадры

30 қарашада Түркістан облысының қаралы қауымы Алматыда хостелде өрт кезінде тұншығып мерт болған алты азаматты жер қойнына тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ыстан уланып мерт болғандардың ішінде Түркістан облысының алты тұрғыны бар. Марқұмдардың біреуі кәмелетке де толмаған 15 жастағы бозбала. Тағы біреуі — студент, қалғаны жұмыс істеуге барғандар.

Қазығұрттың Сынтас ауылында бүгін азалы күн. Үш ай бұрын Алматыға жұмыс істеуге шыққан 20 жастағы Бейбарыс Әлдибек үйіне табытпен оралды. Үш ағасы үйленіп еншісін алып шыққан соң сөйлей алмайтын мүгедек әке-шешесін бағу үшін Бейбарыс Алматыдағы фаст-фуд орталығында аспаз болып жұмыс істеген. Өзі үнемі ақша жіберіп тұратын жігіт ата-анасымен соңғы мәрте видеобайланыс арқылы сөйлескенде жалақысы кешіктіріліп жатқанын айтып ақша сұрапты.

«Алдыңгүні видеобайланыспен сөйлестік. «Мама, ақша беріңізші, 3 мың теңге» деген. «Қашан ауылға келесің, тез қайт» десем, «1-2 күнде келем» деп айтты. Ақшасын уақытылы бермегеннен кейін сол жақта қалды. Айлығын күткен шығар. Маған үкіметтің 1 миллионы қажет емес, маған баламның өзі керек. Неге соны қадағаламайды, терезе немесе өрт дабылын неге қоймаған», — дейді марқұмның анасы Баян Садырбаева.

Таңнан қара кешке дейін жұмыс істеген бала қуықтай ғана бөлмеде 10 адаммен бірге тұрыпты. Бейбарыспен 1,5 айдан бері хостел жағалап, бірге жұмыс істеген досы өрт болардан үш сағат бұрын ғана айлығын алмастан ауылға қайтыпты. Жүзін көрсеткісі келмеген жолдасы өзін шығарып салған досының енді жоқ екеніне сене алмайды.

«Бір бөлмеде 10 адамнан жататын едік, 4-5 адам төлеп қойған. Қалғаны күніге ауысып кететін. Біз тек ұйықтауға келетінбіз. Бізбен қатарлас болатын бәрі. 2003, 2002, 2001 жылғы болатын. Екі студент. Біреуі бізбен жұмысқа барып келетін. 16, 15, 13 деген бөлме болатын, екеуі түпкі жағында болған. Алдында көптеген матрас жататын. Сол матрас түтінеген, соның иісіне тұншығып қалған, есіктен шыға алмаған»,- деді марқұмның досы.

Марқұмның жақындарының айтуынша, 20 жастағы бала жертөледе тұрып келгенін айтпаған. Тірісінде тұйық болған ол Алматыда тапқан табысына ескірген үйін жөндеп, соңынан үйленгісі келген екен. Бірақ жағдайы жасалмаған хостелде өлгенін білген соң, енді туыстары «жертөледен қонақ үй жасағандар мен оларды қадағаламаған жауаптылар жазалансын» деп талап етіп отыр.

Кешелі бері «осында жүрміз» деген шенеуніктер енді ауылға төрт жыл бұрын келген газды осы ай ішінде кіргізіп береміз деп уәде еткен. Марқұмның 40 күндік асын да аудан әкімдігі өз мойнына алыпты. Қайғыдан қан жұтқандар есін жиған соң мүгедектер тұратын үйдің барлық мәселесін шешеміз дейді.

«Газ қазір шаңырағына келіп тұр. Тек қосу ғана қалды. Бір екі апта көлемінде қосып береміз. Иә, қазандықтарын алып береміз. Газды қосып береміз. Жанұяға қандай жәрдем керек болады, соның бәрін мекеме тарапынан жәрдем береміз», — деді Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов.

Жертөледегі хостелде улы түтінге тұншығып көз жұмған Түркістан облысының алты азаматы бүгін ақтық сапарға жөнелтілді. Арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар. Келес ауданының 15 жастағы тұрғыны Алматыдағы колледждердің бірінде оқыған. Қалғаны жұмыс істеген екен. Енді олардың артында еңіреген екі жесір мен екі ұл жетім қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика