184 Awrora
Фотосурет: freepik
Алматыда ауа райы нашарлайды деп болжанып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Қазгидромет» РМК болжауынша, Алматы қаласында 23 қараша, сонымен қатар, 29-30 қараша аралығында ауа-райы нашарлайды: жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, қар жауады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. Жолдар мен тротуарларда көктайғақ болады.
«Жолға мұз қатуы мүмкін, жүргізушілерді өте мұқият болуға, арақашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа-райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет» Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Источник: qazaq.asia