Алматыда әскери нысандарға инспекция жүргізілді

Алматыда әскери нысандарға инспекция жүргізілді

227 rob

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов бірқатар әскери нысандарды тексерді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда ол пайдалануға берілген модульдік кешенді ғимараттың тапсыру сапасын тексерді. Жаңа нысан Алматы қаласының әуеайлағынан басқа өңірлерге әскери-көліктік авиацияның ұшуын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін 53975 әскери бөлімінің жеке құрамын орналастыруға арналған. М. Таласов ұшқыштардың, инженерлік-техникалық құрамның және ұшуды басқару тобының тұрмысы мен демалысын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында министрдің орынбасары курсанттарға жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Ол жаттығу залын қарап, казарма мен медициналық пунктегі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Генерал-лейтенант М. Таласов курсанттарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы тәуелді болатын медициналық пункт мамандарының жарақтандырылуы мен біліктілігіне назар аударды.

Жұмыс сапары әскери институтта жаңа медициналық кафедраның ашылуымен тұспа-тұс келді. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы министрдің орынбасарын оның толыққанды жұмыс істеуі мен дамуы үшін атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Тексеру қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери инфрақұрылымның жаңа объектілерінің қызметін ұйымдастыруға және жарақтандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика