Алматыда күйзелістен қалай арылуға болады: көшпендіден секіргішке Кеше, 17:01

Алматыда күйзелістен қалай арылуға болады: көшпендіден секіргішке
Кеше, 17:01

Әрбір саяхат — күйзелістен арылу мен шаршаудың шипасы және жаңа әсерлер алу көзі. Бұл мақалада біз туристерге Орталық Азияның үздік мегаполисі

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото depositphotos.com

Әрбір саяхат — күйзелістен арылу мен шаршаудың шипасы және жаңа әсерлер алу көзі. Бұл мақалада біз туристерге Орталық Азияның үздік мегаполисі — Алматыға сапар барысында кортизолдан арылу /сергу/ адреналинді көтеру және жағымды эмоциялардан қуат алу туралы айтамыз.

Көшпенді

Алматыда тек қазақ халқының бай тарихы, дәмді тағамдары мен таңғажайып табиғаты туралы ғана емес, мұнда сонымен қатар көшпелі өмір салтымен толық танысуға болатын этноорталықтар мен арнайы клубтар жетерлік. Мысалы, табиғат аясындағы киіз үйде өмір сүру, садақ ату немесе атқа міну арқылы күйзелістен арылуға болады.

Орындар: «Хан-Мерген» атқыштар клубы, ҚР Садақ, арбалет және дартс ату федерациясы, «ТАРГЕТ» галереясы садақ ату клубы, ErZhurek дәстүрлі садақ ату клубы, «Ғұндар» этно-ауылы, Nomad Ethnic Center этноорталығы.

Эмоциялар: «керемет жағымды әсерлер», «дене мен ақыл-ойыңыз тынығады», «мен бір сағат бойы садақ ату жалықтырады деп ойладым, бірақ өте қызықты өтті», «керемет хобби, жиі баратын болдым» — садақ жебесін тартып көргендер дәл осындай әсерлерімен бөлісті.

«Салт-дәстүрлер туралы аңыздар мен джигитовка қатты ұнады, бәрі керемет: киіз үйлер, алтыбақан, атпен серуендеуден алған сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес». Алматы маңындағы этникалық орталықтардың қонақтары осылай дейді.

Фото depositphotos.com

Жарыс болидасының пилоты

Арнайы жарыс жолдарында естен кетпес әсерлі эмоциялар мен қан құрамында адреналиннің көтерілгенін сезінесіз. Драгга, дрейф және багги тректерін пайдалануға болады.

Өтетін орны: Sokol Race Track (Сокол жарыс жолы).

Эмоциялар: «Мен ұмытылмас әсер алдым, шектен тыс драйв», «трасса керемет, адреналин көтерілгенін сездім» «автокөлік пен мотоспорт әуесқойлары үшін ең жақсы демалыс орны».

Фото Visit Almaty

Меломан

Нью-Йорк немесе Ливерпуль атмосферасын сезініп, босаңсыңыз, джаз немесе рок-н-ролл стилінде қозғалыңыз. Барабан, саксофон, электр гитара және фортепиано өзара үйлесім тапқан керемет әуен Алматы аспанында жиі қалықтайды. Жұма күні, сондай-ақ демалыс күндері кафелер мен барларда жергілікті және шетелдік музыканттар сіздер үшін өнер көрсетеді.

Орындар: Harat ‘s Irish Pub, «Muscafe».

Эмоциялар: «қашан келсем де Angry Antsта әрқашан көңілді», «ең бастысы — атмосфера, келушілер», «жанды музыка, попса жоқ», «рок-н-ролл әуесқойларының сүйікті орны», — дейді Harat ‘s келушілері. «Бүгін The Jigits болды, бәрі өте ұнады — атмосфера, қызмет, дыбыс», «тамаша джаз», «шығармашылыққа жақын адамдар ортасы», «сіз Нью-Йоркті Алматыдан шықпай-ақ таба аласыз», «мұнда нағыз шеберлер өнер көрсетеді».

Фото depositphotos.com

Джампер

Батутта секіру денедегі бос биохимиялық заттардың бөлінуіне және күйзелістен арылуға ықпал етеді. Сондықтан батут орталықтарын кортизолды ыдырататын орын деп санауға болады. Ең бастысы, батутта секіру — тек балалар емес, ересектер үшін де қызықты.

Орындар: KANGO батут орталығы, «Гравитация» батут саябағы.

Эмоциялар: «уақытты көңілді өткіздім, әр жастағыларға арналған батуттар бар», «маған батут саябағы қатты ұнады, мұнда сіз миыңызды жаулаған уайымды ұмытып, өзіңізді бала сияқты сезінесіз», «балалар мәз, ал ересектер үшін толық фитнес-сағат ұйымдастыруға болады», — дейді KANGO қонақтары, «Жоғары деңгей», «мен ересек болсам да секірдім», «бұл жерден кәдімгідей жеңілдеп шықтым», «керемет саябақ, өте кең»,- дейді джамперлер «Гравитация» туралы.

Фото depositphotos.com

Моншаны ұнатушылар

Бу мен моншаның не бір түрі, мейлі ол фин, орыс және түрік хамамы болсын, денеңіздегі зиянды токсиндерден арылтып, буындарыңызға дейін босаңсытады. Моншаға түсу кезінде адам денесінің температурасы орта есеппен үш градусқа, ал теріңіздің температурасы 10 градусқа көтеріледі. Бұл ағзадағы вирустар мен бактерияларды өлтіруге жетерлік, сонымен қатар теріңізді тазартып, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді.

Орны: «Арасан» монша-сауықтыру кешені.

Эмоциялар: «ыстық буы керемет, қаладағы №1 монша», «керемет монша кешені», «бұл жерді жұмақ дерсің», «өзіндік тарихы бар тамаша монша». Алматыдағы ең үлкен монша кешеніне келушілер әсерлерімен осылай бөліседі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика