Фото: Инстаграм
Алматыда үйінің ауласында журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Алматы, NEGE. Көлік көпқабатты үйден бірнеше метр жерде болған. Өрт орнына полиция мен өрт сөндірушілер келді.
Жақтаушылардың айтуынша, көлікті біреулер әдейі өртеп жіберген болуы мүмкін.
26 желтоқсанда Егеубаева бір топ белсенділермен «Алтыншы қаңтар» деп атаған мәжіліс сайлауына қатысатын блок құратынын мәлімдеген болатын.
Источник: qazaq.asia