Ішкі істер министрлігі маусымда Алматыда ұсталған "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушыға қатысты іс туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: әлеуметтік желіден алынған
Ішкі істер министрлігі маусымда Алматыда ұсталған «элиталық эскорт» желісін ұйымдастырушыға қатысты іс туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Telegram-арналарда қыздың бостандықта жүргені туралы ақпарат пайда болған.
ІІМ Tengrinews.kz тілшісі ресми сауалына берген жауабында желіні ұйымдастырушының қазір Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іске қатысты «күдікті» деп танылған.
«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық», сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттары, психотроптық заттар, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша жүргізіледі», — делінген ІІМ Tengrinews.kz ресми салуына берген жауапта.
Іс аясында күдіктінің қылмыстық әрекетіне қатысы бар тұлғалардан жауап алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлады ІІМ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia