Домой Қазақша Алматыда бес күндік рейд: жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарының 350-ден астам бұзылуы анықталды

Алматыда бес күндік рейд: жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарының 350-ден астам бұзылуы анықталды

10
0

Алматыда бес күндік рейд: жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарының 350-ден астам бұзылуы анықталды

215 rob

Фотосурет: Алматы ТЖД

Алматы қаласының аумағында әкімдіктің берген мәліметтері бойынша 202 жатақхана орналасқан, қазіргі уақытта бұл жатақхана Алматы қаласы ТЖД бақылауына алынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 2023 жылғы 13-17 қараша аралығында Республикалық «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, департамент акция аясында жатақханалар мен жатақханалардың иелерімен «Жатақханаларда өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел форматында тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Сондай-ақ акция аясында полиция қызметкерлерімен, еріктілер қорымен бірлесіп «Lider.kz», «ҚазТрансАймақ» АҚ, жатақханалар бойынша рейдтер жүргізілді, өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге әлеуметтік сауалнамалар ұйымдастырылды.

Жалпы саны 3 мыңнан астам адамды қамтитын жатақхана тұрғындарымен 120 жиын-кездесу ұйымдастырылып, «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Табиғи газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі»,  «Адамдар жаппай болатын объектілердегі өрт кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында буклеттер таратылды.

Рейдтер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 350-ден астам бұзушылықтары анықталды, жатақханаларда жиі кездесетін бұзушылықтар қонақтардың барынша көп санын қоныстандыру мақсатында үй-жайларды қайта жоспарлау, «қол өнер» ұзартқыштары мен жылытқыштарды пайдалану, ақаулы электр құрылғыларды, оқшаулауы зақымдалған электр сымдары және тағы басқалар болды.

Заңсыз жұмыс істейтін, оның ішінде қайта жабдықталған жатақханалардың барлық фактілері бойынша шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға хабарланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жатақханалар мен хостелдардағы өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы сіз «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлай аласыз немесе e-Otinish порталында жазбаша өтініш бере аласыз.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму