Алматыда 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсанда түске таман тоқтайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы"
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсанда түске таман тоқтайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Алматы» арнасына сілтеме жасап.
Қауіпті аумақтарда, төмен түсетін, жоғары шығатын және жолайырықтарға бұрылатын жерлерге көктайғақтың алдын алу үшін сұйық реагенттер қолданылды. Сонымен қатар қар жауған кезден бастап 112 қызметінің күшімен құм таратқыштар арқылы жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.
«Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жұмысшы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК болжауынша түнде қар ұшқындайды, ал 9 желтоқсанда таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда термометр бағаны минус 4 градусты көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia