Алматы вандализммен күресуде: Полиция күдіктілерді ұстады

Алматы вандализммен күресуде: Полиция күдіктілерді ұстады

191 rob

Алматыда егілген 460 көшетті жойған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері егілген көшеттерді қасақана жойып жіберген екі бұзақыны тауып, ұстады. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы cолтүстік айналма көшесінің бойына тұрғындар үшін жас ағаштар отырғызылған болатын.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Күдіктілер бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мен Жетісу облысының 30 жастағы азаматы болып шықты. Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың себебі тергеу барысында анықталатын болады Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов

ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі (Ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ полиция бұзақылар келтірген шығынды өтеу шаралары қолданылатынын айтты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика