166 Awrora
Фотосурет: Gov
Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді.
- Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.
- Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 орын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.
- Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар.
- Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 орын бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейді.
11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы автотұрақтар іске қосылды.
Жұмыс уақыты 8:00-ден 19:00-ге дейін, бір сағаттың құны – 100 теңге. Бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, «Алматыпаркинг» КМК мобильдік кешендерде арнайы авто) жүргізіледі, ыңғайлы болу үшін «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.
Источник: qazaq.asia