Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 "Тальго" жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты сағат 20:35-тен 02:13-ке дейін Тобылда тоқтап тұрды.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
"Жолаушылар тасымалы" АҚ
Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 «Тальго» жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты сағат 20:35-тен 02:13-ке дейін Тобылда тоқтап тұрды. Қазір ол Оралға жол тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақау жойылғаннан кейін сағат 02:13-те «Тобылә стансасынан Оралға 6 сағат 05 сағат кешігіп пойыз жөнелтілді. Орал станциясына 6 сағат кешігіп келуі мүмкін. Пойыз тоқтаған кезде жолаушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компания келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын айтты.
«Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігімен жолаушыларды жүгімен тасымалдау қағидаларына сәйкес ақшаны қайтару және жолаушыларға өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлайды», — деп атап өтті ұйым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia