Алматы облысында заңсыз полигон жойылады

Алматы облысында заңсыз полигон жойылады

209 Awrora

Фотосурет: Depositphotos

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Алматы облысында қоқыс үйіндісін заңсыз орналастыру туралы бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы облысы бойынша экология департаменті ағымдағы жылдың 25 қаңтарында қоқыс төгетін орын орналасқан Шелек ауылының батыс бөлігінің ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Бұл сапар жергілікті атқарушы органдардың, БАҚ өкілдерімен және Шелек полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Көрнекі тексеру барысында рұқсат етілмеген полигонда қатты тұрмыстық, медициналық қалдықтар мен мұнай өнімдері болды.

Департамент Шелек ауылының әкімдігіне және «Балис 2007» ЖШС өкілдеріне оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері АТК (КУИ) материалын жасақтады, оның нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика