162 Awrora
Ә.Қуантыров өңірге жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиынға қатысушылар ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету, бизнесті субсидиялау, мемлекеттік грантты қаржыландыру сомасын ұлғайту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және Салық кодексін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, «Қонаев» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін қолданыстағы ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) кеңейтуді және капиталдандырудың болмауы туралы мәселені көтерді. Бұл инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін шектейді, — дейді ол.
Министр атап өткендей, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ЭҚЖЖ мәселесі Үкімет деңгейінде пысықталуда.
«Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС директоры Ермек Беделбеков жаңа индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыруды қолдауға және одан әрі дамуына жәрдемдесуге өтініш білдірді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер Салық кодексіне қыздырылатын темекі акциздеріне және онлайн казиноға қатысты өзгерістер енгізу, инфрақұрылым жүргізу, құрылып жатқан G4 City арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлеріне жеңіл өнеркәсіп пен фармацевтика индустриясын қосу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров кәсіпкерлерге белсенділігі үшін алғыс білдіріп, барлық мәселе мұқият қаралатынын айтты.
Бұдан соң министр азаматтарды жеке қабылдады. Мұғалімдер тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарауды сұрайды.
ҰЭМ басшысы Министрлік өңірлерге білікті кадрларды тартуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Бүгінде «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мәселе пысықталып, тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді.
Сондай-ақ халықтың осал топтары үшін әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алуға өсімді өтеу туралы мәселе көтерілді.
Источник: qazaq.asia