Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округіне қарасты Тереңқара ауылындағы "Сегіз көл" демалыс аймағында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округіне қарасты Тереңқара ауылындағы «Сегіз көл» демалыс аймағында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері марапатталды.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауыл саласына еңбегі сіңген қызметкерлер мен холдинг басшыларын құттықтады.
«Ауыл – халқымыздың алтын бесігі. Сондықтан ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту біз үшін абыройлы іс деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар сан алуан қиындықтарға кезігуде, сондықтан оларға қолдау көрсету – ең маңызды мемлекеттік міндет, осы мақсатта елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бар, соның арқасында оның 369 қатысушысына 2,6 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» өңірлік бағдарламасы бойынша 6 млрд теңгеге 30 шаруа қожалығы 13 мың бас ірі және ұсақ мал сатып алды. Алынған субсидиялардың жалпы көлемі 34,4 млрд теңгені құрады» — деп ауылшаруашылық саласына көрсетіліп жатқан қолдау туралы айта кетті.
Өнеркәсіп саласы жұмысшылары арасындағы үздіктер Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалімен Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсеналы Еңкелешев пен Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов марапатталды. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен қаржы-несие корпорациясының директоры Әмірхан Смайылұлы, Еңбекшіқазақ ауданы «Степной Холм» ЖШС директоры Ерік Мұсақұлов, «Ярл» кәсіпорнының агрономы және басқа да агроөнеркәсіп саласының қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен басқа да көптеген еңбеккерлер марапатталды.
«Үздік өнім өндіруші» номинациясын Іле ауданындағы «Алел Агро» кәсіпорны жеңіп алды. Екінші орынды Талғар ауданындағы жеміс-көкөніс өнімдерін өсіретін «Бәймене» шаруа қожалығы. Үшінші орынды Қонаев қаласының «СД и К» кәсіпорны алды.
Марапатталған заңды тұлғалардың қатарында Кеген ауданындағы «Ерсін» ЖШС бар. Сыйлық ретінде оларға МТЗ-82 тракторының кілті табыс етілсе, Райымбек ауданының «Алтын дән» командасына 1 миллион теңгенің ақшалай сертификаты, үшінші орын Жамбыл ауданынан «Болашақ Агро» ЖШС-не берілді.
«Үздік шаруа қожалықтары» номинациясында Ұйғыр ауданы «Шірінгүл» (МТЗ-82 тракторы), Балқаш ауданынан «Бірлік АЖА» (1 млн. теңге), үшінші орын «Алтынбаева» (700 мың теңге ) шаруа қожалықтары иеленді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне белсене қатысқаны үшін бірінші орын Талғар ауданына, 2 орын Іле ауданына, үшінші орын Балқаш ауданына бұйырды. Аудандар мен ауылдар арасында Шелек, Қырғызсай және Шеңгелдин ауылдық округтері үздік деп танылды. Олардың әрқайсысына ақшалай сертификаттар берілді.
Алматы облысының әкімдігі ұсынған материал
Источник: qazaq.asia