Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға тасымалдауға көмектесті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға тасымалдауға көмектесті

165 rob

2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы дереу жіберілді.

Шақырту орнына келгеннен кейін азамат 2023 жылғы 4 қаңтарда таңертең Қапшағай су қоймасына жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулауға шыққаны жәнеазаматтың  (гипертониямен ауыратын) ауырып қалғаны  анықталды.

Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының күшімен азамат жағаға жеткізіліп, медициналық жедел-жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика