185 Арман
Алматы облысы ТЖД хабарлағандай, сағат 17-30-дағы ақпарат бойынша облыстық маңызы бар «Түрген-Батан-Асы Обсерваториясы» автожолының учаскесін «Қазселденқорғау» ММ және ЖҚБ-13 күштерімен таулы жерлерде тұрып қалған азаматтарды Бартоғай су қоймасында 53 адамнан тұратын оның ішінде екі бала 38 автокөлікті эвакуациялау үшін тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кептеліп қалған колоннаның құрамында ТЖ департаментінің қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушы-фельдшерлері бар, олар жоғары өтімді техникамен екі вахтовка автокөлігімен жылыту пунктін ұйымдастырды. Сондай-ақ ЖАО және еріктілермен бірлесіп жанар-жағармай, жылы көрпелер мен азық-түлік (түскі ас бокстары, бутербродтар, котлеттер, макарондар) жеткізу ұйымдастырылды.
Эвакуациялау жұмыстары қардың мол жауын-шашынымен және жолға түскен көшкін массасымен күрделене түсті. Инженерлік және құтқару техникасы кептеліп қалған бағанға қарай жүруді жалғастыруда.
Сағат 17:30-дағы жағдай бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 85 адам және 38 бірлік техника, атап айтқанда Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, полиция департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасынің, жергілікті атқарушы органның күштері мен құралдары және еріктілер жұмылдырылды.
Источник: qazaq.asia