Алматы – әлемдік қаржылық инновациялар хабы: қаржыгерлердің XI Конгресі

Алматы – әлемдік қаржылық инновациялар хабы: қаржыгерлердің XI Конгресі

248 Арман

Фотосурет: © Sputnik / Владислав Воднев

2023 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржыгерлер Конгресінің панельдік сессияларында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, осы жылы қатысушылар қазіргі жағдайдағы ақша-кредит саясаты, макроэкономикалық тұрақтылық пен фискалдық тәртіп мәселелерін, сондай-ақ қаржы секторының кибер тұрақтылығы мен жаһандық өзгеріске ұшыраған қаржы нарығындағы инновациялардың рөлі тақырыптарын қарастырады. 

Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресі онлайн және офлайн форматта өтеді. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастардың онлайн-трансляциясы fincongress.kz сайтында және Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube аталатын ҚҰБ-тың ресми YouTube-арнасында ұйымдастырылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика