302 Awrora
Фотосурет: Almaty_akimdigi
Алматы кітапханаларында оқу машиналары пайда болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алматының төрт кітапханасында зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жабдық орнатылды. Ол мәтін түріндегі ақпаратты қолжетімді форматқа ауыстырып, өңдейді, бұл оқуға ыңғайлы әрі тиімді.
Тактильді басқару түймесі бар құрылғы мәтінді оқу камерасымен жабдықталған. Оқу машинасы құжаттағы, кітаптағы және журналдағы мәтінді сканерлеп, монитордағы суретті үлкейтіп, оны жоғары дәлдікпен әрі аудиоформат түрінде анық бере алады.
Мәтін бойынша іздеу пайдаланушыларға мәтінді жылжытуға, бөлім мен параққа ауысуға көмектеседі, бұл оқу және зерттеу үдерісін жеңілдетеді.
Әзірге, оқу машиналары А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада, Alatau Creative Hub, Қазақстан Жазушылары кітапханасы мен №4 кітапхана филиалында орнатылған. Келесі жылы кітапханаларды осындай құрылғылармен жабдықтау жоспарланып отыр.
Источник: qazaq.asia