Алматыда автобус жолағы Абай даңғылының соңына дейін ұзартылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
Алматыда автобус жолағы Абай даңғылының соңына дейін ұзартылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімімен кездесуде Әуезов ауданының тұрғыны Абай даңғылының Әшімов көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көліктерге басымдық беруді сұрады.
Досаев бөлім басшысынан қазіргі жағдайды сұрады.
«Абай даңғылы бойында арнайы жолақ тек Момышұлы көшесіне дейін. Сосын жаңа учаске, қоғамдық көліктер үшін жолақ жоқ», — деді көлік басқармасының басшысы.
Әкім басқарма жоспарын сұрады. Басқарма басшысы алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту мақсатында арнайы жолақ бөлуге болатынын айтты.
«Осыны қарастырып, ұсынысқа енгізіңіз. Жолақты көшенің оң жағына да, сол жағына да, батыс-шығыс бағытта Абай даңғылы бойымен соңына дейін жеткізейік», — деп тапсырды әкім.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia