161 rob
Қала әкімі Ерболат Досаев Wildberries халықаралық маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Алматы индустриялық аймағының аумағында логистикалық орталық салу мүмкіндігін талқылады. Wildberries логистикалық орталықтың құрылысына шамамен 100 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарланып отыр. Инвестициялық жоба аясында мегаполис кәсіпкерлеріне интернет арқылы сату нарығында олардың бизнесін кеңейтуге жәрдемдесу күтіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Мен Алматыда және Астанада Wildberries дамуын байқадым. Аяқ алысы өте жақсы, компания жылдам қарқынмен дамып келеді. Сапалы қызмет көрсетіп, лайықты орын алдыңыздар. Сіздің компанияңыздың Ресейдегі үлесі жоғары екені түсінікті, бірақ Қазақстан бизнес үшін сенімді серіктес бола алады. Біз тұрақтымыз, ашықпыз. Біз үшін маңызды міндеттің бірі – жергілікті инвестор үшін де, шетелдік инвестор үшін де бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау Ерболат Досаев
Татьяна Бакальчук Алматыда логистикалық орталықтың құрылысы қазақстандық өндірушілер үшін Wildberries-пен айналысатын барлық өңірдегі нарыққа автоматты түрде жол ашады деп сенеді.
«Біз Қазақстанмен серіктестікке мүдделіміз, қызметімізді кеңейтуге дайынбыз. Біздің алаңда түрлі өнімдер, соның ішінде қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылған және жақын арада сіздің еліміздің өнімі көбейеді деп үміттенеміз» Татьяна Бакальчук
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Источник: qazaq.asia