180 rob
Фотосурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласында қар жауа бастаған кезде жолдар мен тротуарлардың жүріс бөліктерінің тиісті жай-күйін сақтау үшін шаралар қабылданды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Түнгі кезеңде көктайғаққа қарсы материалмен алдын ала өңдеумен жүретін бөліктерді үш рет сыпыру жүзеге асырылды. Көше-жол желісін сыпырудағы технологиялық үзіліс «қарбалас уақытта» жүктемені азайту қажеттілігіне байланысты.
Қар тазартатын коммуналдық техника қала тұрғындарының жұмысқа таңертеңгі жол жүру сағаттарындағы қозғалыс трафигін айтарлықтай шектейді.
Сонымен қатар, үзіліс жүргізушілер мен жанармай құю үшін қажет.
Жолдардың жүріс бөліктеріндегі жнақталған қар ерітінділері-көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарды алдын ала өңдеудің нәтижесі. Жолдарды тазалаудың реттеуші мерзімдері қар жауған сәттен бастап есептеледі.
Сағат 12.00-ден бастап жолдардың жүріс бөлігін тазалауға техниканың шығуы ұйымдастырылды.
Тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазарту жалғасуда.
Айта кетерлігі, көшелерді қысқы тазалау технологиясына сәйкес жолдардың жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минут сайын жүргізіледі әрі олар жолға біраз сіңіуі тиіс.Қар қабаты пайда болған кезде жүзеге асырылады.
Материалдарды себу 3 сағат ішінде жасалады. Асфальтқа жабыспайтын борпылдақ қар массасы пайда болғаннан кейін 3-5 сағат ішінде машиналар жиналған қарды тырмалайды және сырыпады.
Бұл технология сақталмаған жағдайда жолдарда мұз пайда болады.
Источник: qazaq.asia