279 rob
Фотосурет: АР
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласында «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері лауазымына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс.
Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тізбесі Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарда белгіленген.
Банктің тарату комиссиясының төрағасын/мүшесін тағайындау туралы өтінішті құжаттарымен қоса Агенттікке 2023 жылғы 20 ақпанға дейін Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша ұсыну қажет.
Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша 8 (727) 237 13 58 телефоны арқылы хабарласуға болады».
Источник: qazaq.asia