407 rob
Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен облыстағы қар тазалау жұмыстары туралы жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев баяндама жасады. Ол облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін штаб құрылғанын, қала 15 секторға бөлінгенін, әр секторға жауапты маман бекітілгенін айтты. Сонымен қатар, бұл жұмыстар үшін 7 ақпаннан бері «СпецАвтоБаза» ЖШС-нен – 43, қаладағы 31 құрылыс мекемесінен 88 арнайы техника жұмылдырылғанын жеткізді.
Бүгінде қар шығарумен 24 мекемеден 100 арнайы техника жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін қала сыртына 8090 текше метр қар шығарылып, 137 тонна реагент себілді. Қаланың негізгі жолдары тазартылып, қаладан шет жатқан ауылдардың негізгі жолы мен әлеуметтік нысандардың жолы ашылды. Бүгіннен бастап барлық жерді қардан тазарту жұмыстары басталды. Алайда, оны жеделдету үшін 50-ге жуық арнайы техника қажеттілігі бар Серік Нысанбаев
Сондай-ақ «Атырау-Жарық» АҚ президенті Мейірбек Құбашев қалың қар кезінде қаладағы апаттық жағдай болған 33 әуе желісінің жағдайы туралы баяндама жасады.
Қазіргі таңда авариялық сөнген операторлардың бәрі қосылды. Ажыратылған қосалқы станциялардың иелері мекемеге келіп, құжаттарын көрсетіп, қазір олар қалпына келтірілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Дүйсенбіден бастап жекеменшік қосалқы станция мен әуе желілері бар абономенттерге тексеріс жүргізіледі. Оның негізінде тұрғындарға қосалқы станциялардың техникалық талапқа сай орындауға алдын ала ескертпе беріліп, бағыты көрсетіледі. Егер содан кейін техникалық талапқа сәйкес келмесе – ажыратылады Мейірбек Құбашев
Сонымен қатар 12 ақпанда қайта қар жауады деп болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салауат Төленов мәлім етті.
Ал 14 ақпанда түнде облыстың басым бөлігінде қар, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады деп күтілуде. Болжам – 50-60%. Десе де, Қызылқоға ауданында қар аз түсуі ықтимал Салауат Төленов
Жиын барысында Қайрат Нұртаев жауапты органдарға облыстағы барлық мердігер компанияның техникасын қар тазалау жұмыстарына жұмылдыруды, оған алгоритм жасақтауды, апталық ауа-райы болжамы туралы қала, аудандарға алдын ала ақпарат беріп отыруды жүктеді.
Өткен оқиға баршамызға да сабақ болды. Қар ерісе оған да дайын болу керекпіз. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлығымыз бірлесе кірісуіміз тиіс. Бұл жерде басқарма басшылары қала, аудан деп бөлінбей, керсінше қар толық тазаланғанша күшейтілген режимде жұмыс істеуіміз қажет. Штаб мүшелері біздің тараптан қандай көмек керек соны ашық айтыңыздар, біз қолдан келген көмекті аянбаймыз Қайрат Нұртаев
Источник: qazaq.asia