Қала құрылысын бақылау: Алматыда KHAN тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

Қала құрылысын бақылау: Алматыда KHAN тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

156 rob

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.

Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.

Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК — нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласының СМЭС — на кешенді сүру жөнінде талап арыз берді.

Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен объектіні бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Заңсыз объектіні бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Айта кетерлігі, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика