Қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді

Қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді

290 Арман

Фотосурет: СР

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚР Занымен Салық кодексіне қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде салықтарды есептеу бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірстер комитетінде хабарлады.

Салық кодексінің 1-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық салу мақсаттары үшін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға мүлікті өтеусіз негізде беру қайырымдылық көмек деп танылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық үлесі бар заңды тұлға қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан өтеусіз алынған мүлік құнын, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау құнын корпоративті табыс салығы бойынша кірісіне қоспайды.

Қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым қайырымдылық көмек шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика