138 rob
Ағымдағы жылғы 12 қаңтар күні 112 құтқару қызметіне Хромтау ауданы, Самара-Шымкент тас жолының 819 шақырымында қатты аяз салдарынан «Мерседес» маркалы жолдаушылар автобусының жанар-жағар майы қатып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
Автобус ішінде 33 адам болды, оның ішінде 31 Өзбекстан азаматы мен 2 Қазақстан азаматы.
Құтқарушылар күшімен жолаушылар Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне жеткізілді.
Медициналық көмекті қажет етпеді.
Источник: qazaq.asia