Аягөзде оқушыларға ерлік сабағы өтті

Аягөзде оқушыларға ерлік сабағы өтті

286 rob

15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне  орай Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері Ауған соғысының ардагерлерімен бірлесіп, қала мектептерінде оқушыларға ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның мақсаты – ардагермен сұхбаттасу арқылы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтық сезімдерін қалыптастыру, Отан сүйгіштікке баулу болып табылады.

Кездесу барысында  оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. 

Сонымен қатар, мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін жеткізді. Ардагерлер осындай кездесуді ұйымдастырған Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен аудандық білім бөліміне ризашылықтарын білдірді.

— Жастар – біздің болашағымыз. Яғни, оларға дұрыс тәрбие, білім беру, төзімділік пен шыдамдылыққа, оптимизмге баулу – аға ұрпақтың парызы. Бұл іске әскери қызметшілер  лайықты үлес қосып келеді, – деді Ауған соғысының ардагері Марат Құсайынов.

Шара соңында өнерлі оқушылар патриоттық ән айтып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу қашанда басты міндеттің бірі болып қала бермек.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика