208 Арман
Абай облысы бойынша соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осылайша, 2023 жылғы 5 қаңтар күні таңертен «112» пультіне Аягөз қаласы аудандық ауруханасының бас дәрігерінен Аягөз ауданы Нарынка ауылдық округінің Шынқожа ауылынан жүкті әйелді Аягөз қаласының аудандық ауруханасына жедел жеткізуді талап етілетіні туралы хабарлама келді.
Шақыру орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар — 1 Нива Марш жоғары өтімді техникасы және жеке құрамның 2 адамы шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жұмыс барысында құтқарушылар қажетті білікті көмек көрсету үшін Аягөз қаласының перзентханасына әйелді жеткізді.
Источник: qazaq.asia