Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілді

Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілді

279 rob

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында таңғы уақытта «112» пультіне Сұлусары ауылы ауданындағы Өскемен-Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны және 6 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға орнына дереу №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 3 адамы өтімділігі жоғары «КУНГ» техникасымен жіберілді.

Жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 7 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала, құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар «Арнау» қонақ үйіне орналастырылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика