168 rob
Фотосурет: Абай облысы ТЖД
2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Абай облысының барлық аудандары мен қалаларында «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы тақырыбында өткізіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқу-жаттығудың мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру болып табылады.
23 қарашада Абай облысы ТЖД дағдарыс орталығында оқулар штабы орналастырылды. Штабта шұғыл топтар мен қызмет бастықтарының баяндамалары тыңдалады.
Облыс орталығының аумағында өткізілген оқу-жаттығуларға АҚМЖ басқару органдары, ТЖД құрылымдық аумақтық бөлімшелері, ЖАО, Семей қаласының ПБ, әскери бөлімдер тартылды және 40-қа жуық түрлі арнайы техника жұмылдырылды.
2023 жылғы 23 қарашада «Спартак» стадионының аумағында азаматтық қорғау қызметтері мен шұғыл ден қоюдың жиынтық жасағы сапта тұру рәсімін өткізді.
Сол күні, «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 базасында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.
Аталған оқу-жаттығуға 65 адамнан тұратын жеке құрамы бар шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының және авариялық қызмет, 17 түрлі техника жұмылдырылды.
Шартты апатты жою бойынша іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтау және авариялық қызметтердің өзара іс-қимылы сәтті аяқталды.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу аясында электросиреналарды іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара халықты «Баршаның назарына!» құлақтандырудың біріңғай дабылына назар аударуға үйрету мақсатында өткізілді.
Источник: qazaq.asia