210 rob
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында «112» пультіне Өскемен-Алматы тас жолының 25 км-де Аягөзге жетпей эвакуациялауды қажет ететін ішінде 19 спортшысы бірге «Газель» маркалы автокөлігінің сынғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 1 «ВАХТА» жоғары өтімді техникасымен жеке құрамның 4 адамы дереу жолға шықты.
Оқиға орнына келгеннен кейін Аягөз қаласының №13 ӨСБ қызметкерлері жалпы саны 22 адам, оның ішінде 12 бала бар 1 Газель мен 3 жеңіл автокөлікті эвакуациялады.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін құтқарушылар адамдарды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне орналастырды.
Источник: qazaq.asia